Жиырмасыншы жетістікке жетер жол. Бектемисова Куляра

Форумға қатысушы қонақтарға сәттілік және баршаңызға мазмұнды, жүйелі істер мен шығармашылық табыстар тілеймін.

Бүгінгі басқосу облысымыздың саяси өміріндегі айтулы оқиға болып отыр. Өйткені, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру әрбір азаматтың борышы. Ал әйел азаматшалары — қоғамның белсенді мүшесі ғана емес, сонымен бірге қозғаушы күші, барлық бастаманың ұйтқысы. Сондықтан да олар елдің сенімін ақтайтын негізгі қауымы болып саналады.

Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына аса мән беріп, елімізді азық – түлікпен қамтамасыз ету, өнімнің сапасын жақсарту, жалпы халықты әлеуметтік жағынан жақсарту туралы үлкен міндет қойған болатын.  Осы орайда, ауданымызда ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Алакөл ауданында 2008 жылдан бастап «Алакөл Экосистемасы» қоғамдық бірлестігі құрылып, осы уақытқа дейін экологиялық, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылық саласы, гендерлік саясат, әлеуметтік және мүмкіншілігі шектеулі азаматтармен және жастарды туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыс атқаруда.

Аудан экономикасының негізін ауылшаруашылығы құрайды. Атап айтсақ, бүгінгі таңда саны азайып бара жатқан тау сілеміндеріндегі Сиверс алмасы өсіру қолға алынып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бүкіл Дүниежүзілік Банкінің қолдауымен жариялаған табиғатты қорғау, экологиялық жағдайға байланысты азайып бара жатқан жабайы жемістерді өсіру мақсатындағы арнайы жобасын 2011-2013 жылдары «Алакөл Экосистемасы» қоғамдық бірлестігі 16 млн теңгені жеңіп алып, ауданда «Оразалинов» шаруа қожалығының 3 гектар жеріне тұқымбақ орналастырдық. Аталған жоба аясында 10 адам жұмыспен қамтылды. Тұқымбақты баптап, өсіру үшін тамшылап суғару технологиясын үйретіп пайдаланып отырмыз. Бүгінгі күнге егіс алқаптарын игеруде су тапшылығы бар. Осы мәселелерді шешу үшін тамшылатып суғару әдісі өте тиімді және суды үнемдеп пайдаланылады.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына, колледж студенттеріне жастарға экологиялық семинар, дөңгелек үстел өткізіп, жеміс ағаштарын өсіру, суды үнемдеу және аталған жобалар бойынша питомникте ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жарамсыз, қараусыз қалған жерлерді тыңайту жұмыстарын жүргізіліп, бүгінгі таңда 60 гектар жері бар. оның 18 гектар жері иегіріліп, алма бағы өсіп жемістерін беріп отыр.

Ауыл шаруашылық институттардан ғалымдар шақырып, шаруа қожалықтарына семинарлар өткізілді. Сиверс алмасының өте бағалы емдік қасиеті пайдасы, адам ағзасының ішек қарын және авитаминоз ауруларынан емделгенге, жеуге ұсынылады. Бұл емдік сапасы жағынан Сиверс алмасы мәдени алмалардан артық. Бұл алманың ыстыққа, суыққа төзімді және витаминді сорттар шығаруда селекциялық мәні зор.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *