Тайшекенова Рыскүл Лекерқызы: қоғамдық белсенді, еңбекқор дәрігер

Тайшекенова Рыскүл Лекерқызы 1965 жылы 22 қарашада Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Сағыз  селосында жұмысшылар отбасында дүниеге келген. Бала кезінен алғыр Рыскүл 1972 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттап, өзін озат оқушы болуымен қатар, қоғамдық жұмыстарға араласқан белсенді оқушы ретінде көрсетеді.

                       

1982 жылы  он жылдық білім алған ол Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік медициналық институтының емдеу факултетінің студенті болып қабылданады. Институт қабырғасында да әртүрлі қоғамдық жұмыстарға, спорттық шараларға қатысады 1988 жылы арнаулы оқу орнын бітірген жас маман жолдамамен Мақат ауданына темір жол ауруxанасына жұмысқа келіп,

                    

ірі өндірістік мекеме локоматив депосына цеx дәрігері болып орналасады. 2000ж денсаулық сақтау саласына еткен еңбегі, ұйымдастырушылық қабілеті ескеріліп аудандық денсаулық бөліміне бас маман қызметіне ауыстырылады.

               

Аудандық медициналық қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы болып сайланып қызметкерлердің денсаулығын оңалтуға, еңбек дауларын шешуге белсене араласады. Осы тер төгіп еткен еңбегі еленіп 2009 жылы Елбасының  Құрмет граматасымен, 2015жылы  Шапағат медалімен марапатталады.

          

Бұдан басқа облыс әкімінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасының да бірнеше алғыс xаттарын  алған. Қазіргі уақытта Мақат аудандық орталық ауруxанасы директорының орынбасары,1 санатты ұйымдастырушы.

                  

Рыскүл Лекерқызы аудан көлеміндегі қоғамдық қызметтерлерде қол үзбейді, ол аналар кеңесінің мүшесі, салауатты өмір салтын қорғау ортылығының жауапты дәрігері, ана мен бала денсаулығын қорғау ісінің жанашыры. Нұр Отан партия мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *