«Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің мерейлі іс әрекеттері

«Алтын бесік, туған жер» дегендей ауыл баршамыздың алтын қазығымыз.

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында ата-бабаның өнегелі, өсиетінен бастау алған салт-дәстүрлеріміздің бүгінгі күнде маңызы жоғары екені айтылады. Яғни ауыл руханият пен өнегенің ордасы, нарықтық қатынастардың қиын кезеңдерінде ауылдың жағдайы нашарлағаны белгілі. Дегенмен Елбасымыздың сарабдал саясатының негізінде ауылдардың жағдайы түзелді. Мысалы, біздің ауданға қарасты ауылдар қаладан кем емес. Оның ішінде Н.Ілиясов атындағы ауыл республикада алдыңғы қатарда. Менің айтпағым, ауылдарды өркениет көшіне ілестіре отырып, сол ортада қазақи салт-дәстүрімізді сақтауды жүзеге асыруымыз керек. Біз төрт-бес жылдың көлемінде жас аналарға бесік жырын айтқызуды дәстүрге енгіздік. Сонымен қатар мен басқаратын «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігі жанында «Жас аналар мектебі» жұмыс жасайды.

                           

Қазіргі «Рухани жаңғыру» кезеңіне байланысты ауданда батагөйлер жарысын, өзге де салт-дәстүрге лайықты тағылымды шаралар өткізу дәстүрге айналған.  «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен»,- дейді халық даналығы. Сол айтқандай өнегелі ісімен көпке үлгі болып жүрген аналар ауданда баршылық.  «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарының байқауы өткізілді. Бұл ретте «Ас адамның арқауы» дегендей дәмі тіл үйіретін «Қазақтың қазанжаппайын» пісіруден Қоғалыкөл ауылында байқау ұйымдастырылды. Сондай-ақ,  «Жаздың бір күні, қысқа азық» атты банкі жабу, құрт, ірімшік жасау, қазыны қалай айналдыру керектігін қазіргі жас аналарға үйретуге байланысты ізгі шара өтті.

                         

Аудандағы егіз баласы бар отбасыларды насихаттау, дәріптеу мақсатында өткізілген «Егіздер шеруі» көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген шара болды. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалардың армандарын орындау мақсатында «Армандар орындалады», «Тәуелсіздік шапағаты» тақырыбында ұйымдастырылған ізгі шара балалардың болашаққа деген сенімін арттырды.  Қазақстанда демографияның өсуіне, отбасының тұрақтылығының  сақталуына қызмет ететін «Мықты неке-мемлекет негізі» атты дөңгелек үстел жас отбасыларына ой салатын шара болды.

                               

Отбасының тұтқасы, өмірдің шырағы әйел. Егемен еліміздің жарқын болашақ жолында аянбай еңбек етіп, алар асуларымыз биік болып, мерейлі істерді бағындыра беріңіздер дегім келеді. Бүгінгі алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Ауыл әйелдер Форумы»  барлық әйелдер қауымына күш-жігер беріп, еліміздің өркениетті дамуына үлес қосуға септігін тигізетіні сөзсіз.

Рахмет!

«Сырдария ауданының  әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ. Жаналиева  

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *