Сая Сағынғалиева — Ақтөбе облысындағы Байғанин жастарының креативті лидері

Сағынғалиева Сая Базаралықызы 1991 жылы қазан айының 3-жұлдызында Ақтөбе облысы, Байғанин

ауданында дүниеге келді. Балалық шағынан бастап алғыр болып өскен ол мектеп қабырғасынан ұйымдастырылған әр шараға белсене қатысатын. Еріктілер қатарында жүріп барлық қоғамдық іс-шараларға араласса да, сабақ үлгерімі үздік болып қызыл куәлікпен бітіреді. Оқу орнында да ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен белсенді студент, «Әлия арулары» жайдарман тобының құрамында өнер көрсетіп, республикалық деңгейлерде көптеген жетістіктерге ие болады. Ғылыми жобалардан да тысқары қалмайды. Тарих және қазақ тілі пәндерінен ғылыми жұмыстар жазады. Осылайша, білімі мен біліктілігін қатар алып оқу ордасын қызыл дипломмен тәмамдады.

                                      

Алғаш еңбек жолын «Күншуақ» балалар бақшасында тәрбиешілік қызметінде бастаған Сая Сағынғалиева,  кейін «Байғанин жастары» қоғамдық бірлестігін құрып,  аудан жастарының креативті ойлауы мен шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында қызмет атқарады. Бірлестік төрайымы қызметінде жүріп, көптеген әлеуметтік жобалар жазып, шетелдік донорлар тарапынан грант жеңімпазы атанады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласа жүріп, өз мамандығы бойынша №3 Қарауылкелді орта мектебінде қызмет атқарады. Лидерлік қабілеті, тың идеялары мен жан-жақтылығының арқасында, 2013 жылдан бастап Байғанин аудандық жастар ресурстық орталығында басшылық қызмет атқарып келеді. Бұл қызметінен бөлек, жастар арасында лекция-семинарлар, тренинг-семинарлар өткізетін тренер-ментор болып тағайындалады. Тек аудан көлемінде ғана емес, облыс, республика көлемінде көптеген шаралар мен жобалар ұйымдастырып, жастарды үнемі алға бастап келеді. Жастар ресурстық орталығында жасап жүріп, «Мен бақытты отбасы болғым келеді» зорлық-зомбылыққа қарсы жобасы тұңғыш президент қоры ұйымдастырған әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінде жеңіске жетіп, жастар ресурстық орталығының жанынан «Үміт» психологиялық кабинетін ашады.

Бүгінде Сая Базаралықызы жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүргізу барысында  жастарды жарқын болашаққа бағыттайтын тренер-ментор, Байғанин аудандық жастар ресурстық орталығының директоры, жанашыр басшы, әріптестерінің арасында беделді, өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман.

Материалды дайындаған Ақмарал Рахметоллаевна Хон, Ақтобе облысы әкімі жанындағы әйулдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы 

1 комментарий к записи “Сая Сағынғалиева — Ақтөбе облысындағы Байғанин жастарының креативті лидері

  • 16.10.2018 на 00:39
    Permalink

    Сая Базарлыккызы әркашан өзінің белсенділігімен, көптеген жұмыстарды тиянакты орындап журген жастар көшбасшысы, ойы ок бойы озык білікті басшы. Алдағы уақытта Саяға талмас қанат, саркылмас сабыр тілей отырып, биік белестерді бағындыра беруіне тілекшімін. т. б Актобе облысы, Ырғыз ауданынан Картанов Әмірбек Нұрлыбекұлы

    Ответить

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *