Рыскүл Тайшекенова — еңбекқор, өз жұмысына жауапты, мейірімді Мақат ауылының дәрігері

Елбасымыз «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

атты жолдауында — денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, қағазсыз ауруханаға көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру қажеттілігін айтқан болатын. Елбасының бұл тапсырмасы,  мен қызмет ететін Атырау облысы,  Мақат ауылдық жерінде орналасқан , аудандық орталық ауруханасында  да қызу қолдау тауып, бірыңғай ақпараттық жүйеге көшуге қажетті құрал жабдықтар орналастырылып, дәрігерлік қабылдауға электронды тіркелу, электронды кезек, жаңадан туылған нәрестелерді тіркеу

                                       

біркелкі жолға қойылған. Жалпы ауылдық аурухана 27478 тұрғынға  қолжетімді көмек көрсетеді. Қазіргі таңда  денсаулық  күзетінде қызмет ететін дәрігерлер саны – 35 ке жетті, оның 66% әйел адамдар. 2016-18 жылдар арасында  10 жас маман  дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша келіп  қызметке кірісті, оларға үкіметтен қызметтік пәтерлер берілді. Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық қызмет түрлеріне деген сұраныс көлемінің арта түсуіне байланысты — қызмет көрсету түрлері де біршама өзгерді. Денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға бекітілген Мемлекеттік «Денсаулық»  бағдарламасында  да — қазіргі денсаулық ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс деп  көрсетілен. Осы мақсатта тұрғындар арасында аурудың алдын алу, үйрету және оңалту кабинеттері жасақталды, әлеуметтік қызметкерлер мен психолог мамандары жұмысқа алынды. Емханадағы дені сау балаларкабинетінде  арнайы дайындықтан өткен маман  жас аналарға және  участкелік медициналық қызметкерлерге бала күтімі, қосымша тамақтарды дайындау жолдары, омыраумен емізу ережелерін  үйретеді.

                                                              

Туа біткен ақаулармен туылған және мүгедек балалардың денсаулығын оңалту мақсатында ашылған оңалту орталығында — барлық жағдай жасалған, логопедиялық тренажерлар, қимыл қозғалысты қалыптастыратын қондырғылар, құрғақ хауыз бәріде  науқастардың өміршеңдігін  жақсартуға деген зор мүмкіндіктер. Жартылай стационарлық үлгідегі күндіз болу бөлімшесі – мүгедек балалардың күтіміне, демалуына, дамуына жеңілдіктер жасау мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар ұйымының  қолдауымен ашылған. Отбасын  жоспарлау кабинеттері де ана мен бала денсаулығын қорғаудың алдын алуға қажетті көрнекі суреттермен безендірілген, кез келген ұрпақты болу жасындағы ананың өзіне қажетті  мағлұматты алуына  мүмкіндік жасалған, отбасын жоспарлау және жас аналар мектептерінің жұмысы

                                                                      

нәтижесінде демографиялық көрсеткіштер, жүкті аналар денсаулық индексі, босанудан кейінгі асқынулар  жақсарған. 9 ауру түрлеріне денсаулық мектептері ашылған, бұл дегеніміз инфекциялық емес аурудың алдын алуын,  дәрігердің есебінде тұратын созылмалы аурулардың қозу сатысы мен асқынуларын науқастың өз бетінше қадағалауын басқару. Алматы, Астана қалаларындағы жоғары мамандандырылған көмекке бөлінген квоталық емде қолжетімді.Міне құрметті форумға қатысушылар ауыл медицинасының бүгінгі тыныс тіршілігі осындай. Ата бабаларымыз «Ауырып ем іздегенше – ауырмаудың жолын ізде»  деп айтқандай ұлт саулығы жолында денсаулық саласының ертеңі бұданда көркейетініне сенімдімін.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

Мақат аудандық орталық аурухана директорының балалар мен әйелдерге

көмек жөніндегі орынбасары    Тайшекенова Рыскүл Лекеровна

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *