Форум сельских женщин поддерживается Национальной комиссией по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК

Форум сельских женщин поддерживается Национальной комиссией по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК , и поэтому во всех региональных форумах примут участие ее члены. В  Форуме сельских женщин Алматинской области с приветственным словом выступила Каракоз Аскарована Сулейменова. Ниже мы публикуем тест ее выступления. Но прежде хочется выразить слова признательности уважаемому спикеру за активное обсуждение выступлений других спикеров, общение с делегатами форума и с нами как организаторами. Надо сказать, что она дала высокую оценку и самому форуму, и тем идеям и ценностям, которые являются основой для их проведения.   

­

Қайырлы күн, құрметті конгреске қатысушылар, қонақтар! Отбасының тұтастығы елдің тұтастығы. Мемлекетіміздің қоғамдық-саяси негізі болып табылатын да осы отбасы. Еліміз ана мен баланың, ер мен әйелдің құқын қорғауда, отбасының рөлін арттыруда келелі жұмыстар жүргізіп келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері отбасы саясатын жүргізу маңызды тетіктердің біріне айналды. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия 20 жылдан бері отбасы мүддесі, ұлттық тәрбие, гендерлік саясаттың маңызы, ана-мен бала денсаулығы, әлеуметтік жағдай, отбасындағы құндылықтарды насихаттап, игілікті бастамалар көтеріп келеді. Бүгінгі жиынның да маңызы жоғары. Себебі әйел қауымы бір үйдің ғана емес, мемлекеттің, қоғамның белді мүшесі. Қазақтың «әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді»­ — дегені соның айғағы болса керек. Тәуелсіздік алған тұстан бері елдің экономикасына аналарымыздың қыз-келіншектеріміздің тигізген үлесі орасан.

Бүгінгі күні құрметті әйелдер қауымы, бизнестің  50 проценті сіздерге тиесілі екен. Кәсіпкерлікпен айналысатындардың тең жартысы осы нәзік жандылар. Қазақ әйелі қай заманда да еңбегімен еленген. Сонау 90 жылдардағы қиын заманда ала сөмкелерін арқалап базарға, саудаға  шығып, отбасыны асыраған да әйелдер қауымы екені жасырын емес. Қазір осы залда отырған қыз-келіншектердің барлығы дерлік әр салада табысты жұмыс атқарып, отбасының да ұйытқысы болып отырған жандар. Әйелдерімізің басым бөлігі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қызметтер саласында жұмыс атқарып жатыр. Сауда мен ауылшаруашылық саласында да қыз келіншектердің үлесі жоғары. Мұның барлығы қазақ әйелінің табысты еңбегінің көрінісі. Орта және шағын бизнесте құрметті әйелдер, сіздер 500 мыңға жуық кәсіпорынды басқарып, 1 млннан астам адамды жұмыспен қамтып отырсыздар. Ал халықтың өсіміне үлес қосып отырған көпбалалы аналардың саны 500 мыңнан асады. Және оларға мемлекет тарапынан түрлі әулеметтік жәрдемақылар мен көмектер көрсетілуде. Соңғы 10 жылда көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған шараларды бюджеттік қаржыландыру мөлшері 5 есе өскен.

Әйел тұтас елдің айнасы. Қазақ отбасының қорғаны –әке, жылуы– ана деп білген. Сондықтан бірінші кезекте ананың жағдайы, қазақ әйелінің бүгінгі келбеті маңызды. Қала мен ауыл әйелінің арасындағы үзілісті жалғауымыз керек. Қарапайым еңбектегі қыз-келіншектер мен ауыл әйелінің мәртебесін өсіру Ұлттық коммисияның негізгі мақсаттарының бірі. Әйел алып күш. Елді көтеруге де, төңкеруге де нәзік жандылардың шамасы жетеді. Ана қамсыз болса, ұлттық демография да демікпейді.

Жылдар бойы жатталып қалған гендерлік саясаттың да түбін түсінетін уақытқа жеттік.  Қоғамдағы теңдік ер-азаматтардың мәртебесін төмендетіп,  статусын кішірейтпейді. Алып та анадан туады емес пе?! Керісінше, қыз-келіншектердің ішкі жан дүниесіне, қалауына еркіндік беруіміз керек. Әйелдің шамасы от жағып, бала бағуға, көлік мініп, ақша табуға да жетеді. Көзі ашық, көкірегі ояу, көңілі тоқ әйел қоғам алдындағы басты міндетін ұмытпайды. Ол міндет әрине, ұрпақ тәрбиелеу. Себебі әйелдің  образы бірінші ұрпақ тәрбиесімен, одан кейін қоғамға сіңірген еңбегімен өлшенеді. Рухани жаңғырудың өзі әуелі анадан, қазақ әйелінен басталуы керек. Өскелең ұрпақтың тағдыры, тәрбиесі әйелге келіп тірледі..

Иманды, ибалы қазақ қызының бейнесін қалыптастырған халықпыз. Содан айырылмағанымыз абзал. Имандылық деген, қара жамылғы жамылып, бетін тұмшалап орану емес. Қазақ әйелі Еуразиялық орталықта тұрған, беті ашық, жүзі жарқын, халқының бар игі жақсы салт-дәстүрін сақтай білген, тәлім-тәрбиесі, ізеті арқылы жаңа заманға қадам басқан, жан-жақты дамыған жан болуы тиіс деп ойлаймын!

Отбасына адал, қоғамның әр саласында еңбек етіп, қызмет істей алатын, білімді, білікті, іскер қыздарымыз, аналарымыз жетерлік. Және біз өздеріңізбен мақтанамыз.  Мұхтар Мағауин айтқандай: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйелдер!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *