Ер адамдардың айналысатын кәсіпкерлікті меңгерген Гүлсара Жаманкулова

Қайырлы  күн, құрметті  Форумға қатысушылар!

Мен бүгін сіздердің алдарыңызда өзімнің  туған жерім, Қостанай облысын мақтан етіп,

осы биік мінбеге шықққанымды, ұлкен  дәреже деп есептеймін. Қостанай елі, алып даланың мекені, Қазақстан жерінің астық алқабы, дәнді даласы. Мен Отанымыздағы көптеген кәсіпкер әйелдердің  бірімін, бірақ та, біріңғай ер адамдардың айналысатын  кәсіпкерлікті  меңгердім. Өз кәсібімді  2005  жылы диірмен комплексін салудан бастадым. Қазіргі  таңда,  жылына 100 мың тоннадан артық  астық сақтайтын  комплекстың басшысымын. Биылғы жылы бұл комплекс іске қосылды, темір жол торабы салынды, астық сақтайтын, оны тазартып, әрі кептіретін кең көлемді ангар салынып бітірілді. Астықтың  сапасын тексеретін, уақытында жіберілетін жаңа, замануйға сәйкес тұғырыштар орнатылды. Осы кәсіпкерліктің арқасында 22 жітіқара тұрғындарына  жұмыс орны ашылды.

                           

Өз басым Жітіқара аудандық мәслихаттың депутаты ретінде, сайлаушылармен кездескен  шақтарда, ел тұрғындарының қалай өмір сүріп жатқанымен таныспын. Оларға мемлекет жағынан адами потенциалдықтарын  дамытуға көптеген жағдайлар туғызылған. Тек ерінбе, еңбек ет, сонда жемісін көресің!  Әркімнің  нәр, қуат алатын діңгек тамыры болады. Ол туған жер, өскен орта, сол  елдің келешек болашағы. Сол үшінде,  мен жасөспірім Жітіқарақаралықтарға қолымнан келер көмегімді беруге дайынмын.  Балалардың емделуіне, талантты жастардың жоғарғы білім алуларына көмектесу  менің  ел   алдындағы  борышым!

                                Туған ауылым, туған жерім,

                                Тамаша бала — қызық  қуған жерім,

                                Құмда аунап, ақселеу — арман қуып,

                                Болашаққа белімді буған жерім, деп

айтарым, менің өскен ортам көп балалы қарапайым жұмыскер отбасы. Осындай кәсіпкерлікті  меңгеруде менің арқа тұтарым —  аға-інілерім, апа–сіңілдерім, көмекші ұлым! Елім! Отаным!   Өсер өркеннің жолы әрқашанда ашық.

                                  

Алдағы жоспарым — бизнесімді әрі қарай дамыту, қоғамдық жұмысымды жандандыру. Арманымды шектемеймін, сондықтан өзіме сенімділігім, қолға алған кәсібіме қызушылығым менің алдағы, талай  асуларды, щыңдарды алума кепілдік!

Аз да болса, қарапайым еңбегімнің  жоғары дәрежеде марапатталғанына сіздерге шексіз ризашылығымды білдіремін.  Назарларыңызға РАХМЕТ!

 

Гүлсара Жаманқұлова  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *