Бидай дәнінен өнімдер өндіру өндірісі бойынша цех ашу

Жобаның түйіндемесі: Инвестициялық жобаның мақсаты: бидай дәнінен дәстүрлі ұлттық өнімдерді өндіру өндірісі бойынша цех ашу Өнімділігі: талқан – жылына 2 000 кг, жент — жылына  1000 кг Өнімі: талқан, жент. Жобаның жалпы құны: 500 000 теңге. Жобаның тұжырымдамасы талқан және жент сияқты бидай дәнінен дәстүрлі ұлттық өнімдерді өндіру өндірісі бойынша цех ашуды қарастырады. Кейінгі уақытта дүкендер, спермаркеттердің сөрелерінде көп көлемде ұлттық өнімдер пайда болуда. Талқан – бұл тары немесе бидайдың қуырылған дәндерінің ұсақталған ұнтағы. Талкан – ежелгі көшпенділердің «тірі тағамы». Экологиялық таза, пайдалы, жұғымды бірегей өнім. Талқан көшпенді халықтардың ежелгі рецепті бойынша өндіріледі. Қазақ халқының тәттісі – жент. Тарыдан дайындалатын қазақ халқының ұлттық тағамы. Жент консистенциясы бойынша халуаға ұқсайды, бірақ дәмі тіптен өзгеше. Қазақтың ұлттық дастарханында жент ерекше орын алады, ежелгі кезеңдерде ол мерекелік тәттілердің бірі болатын және оны сирек, тек ерекше жағдайларда ғана дайындаған. Дайын жентті таза матаға орап, басқа тәттілермен бірге жеке сандыққа салып сақтаған. Бұл өте жұғымды және тәтті тағам. Бұл тәттіні бөлме температурасында бір аптаға дейін және салқындатылған жерде екі айға дейін сақтауға болады. Өндірілген өнімдерді өткізу келесі тауар өткізу каналдары арқылы жүзеге асырылатын болады: — Бөлшек сауда нүктелері әртүрлі өнімді өткізу, дүкендер мен павильондар; — Қоғамдық тамақтану желісі; Өнімнің тұтынушылары ретінде заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да бола алады. Өнімді өткізудің негізгі нарықтары – Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы. Шығарылатын өнімдердің жарнамасы хабарландыру тақталарына, ғаламтор желісіне ақпарат орналастыру, сонымен қатар сауда кәсіпорындарына бару, қатысу арқылы жүзеге асырылады. Өнімге қойылатын жоспарлы баға:  Талқан 1 кг.  500 тг.  Жент 1 кг. 1 400 тг.

Технологиялық үрдіс: Талқан бұл тек қана пайдалы және өте дәмді ғана емес, дәмі тіл үйіретін қуырылған бидайдың дәмін татқан адам, оның тағы дәмін тартқысы келеді. Сонымен қатар оның әртүрлі тағамдарды әзірлеуге арналған көптеген рецептері бар: таңғы астар, десерттер, жұқа нандар, ботқалар, көжелер, халуа, шай және тағы көтеген тағамдар. Талқанды ерітілген сары маймен, қантпен, ал егер қант болмаса тәтті ірімшікпен қою ботқа болғанша араластырған. Женттің дәмін арттыру үшін мейіз және жаңғақтар қосқан. Алынған массаға қажетті форма беріп, бірнеше уақытқа салқын жерге қойу керек. Дайын тағамды ас ұсыну алдында ыстық пышақпен кішігірім бөліктерге бөлген. Жент – оте сіңімді және тәтті тағам. Рецептура: 500гр. талқан, 100гр. құмшекерлі печенье, 2 ас қасық табиғи бал, 1 ас қасық тосап шәрбаты, дәміне байланысты қант, 200–250 гр. сары май, дәміне байланысты мейіз бен жаңғақтар қосу. 1. Печенье мен қантты үгітіп, талқан және мейізбен (немесе жаңғақпен) біріктіру қажет. 2. Қызу бәсең отта сары май, бал және шәрбатты еріту. Жіңішке ағынмен талқанға құйып, араластырады. Масса әлі жылы болып тұрғанда, оған форма беріп, тағамдық таспамен орайды. Бұл тәттіні бөлме температурасында бір аптаға дейін және салқындатылған жерде екі айға дейін сақтауға болады.

Ұйымдық жоспар. Бұл іс – әрекет түрін жүргізу үшін шағын бизнес субъектілеріне арналған салық салудың жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлікті ұйымдастыру ұсынылады. Кәсіпорынның жұмысын кәсіпкер жанұя мүшелерімен бірге атқаруды жоспарлауда. Кәсіпорын күн сайын жұмыс істейді, жүмыс тәртібі сағат 9:00 ден 19:00 ге дейін, түскі асқа үзілісі бар. Кәсіпорын меншігінде жалпы ауданы 30 шаршы метр болатын ғимарат бар. Кәсіпорын бақылаушы органдар тарапынан осындай объектілерге қойылатын барлық нормалар мен санитариялық тәртіптерді сақтайтын болады. Цех ғимараты жақсы жарықталған, желдеткіші мен сыртқы таза ауамен ауа алмасуы бар. Оралмаған өнімдермен персоналдың байланысы болатын барлық жұмыс орындары суық су мен ыстық су жүргізілген қол жуғыш орнатылған. Цех ашу үшін жаңа технологиялық талаптарға сай құрал-жабдықтар қажет. Құрал-жабдықтарды таңдау барысында негізгі тірек жоғары өнімділікке, үнемділікке, сенімділікке, іске қосудағы қарапайымдылыққа, бөлшектердің қол жетімділігіне, құнының төменділігіне және сәйкесінше өтелімділігінің жоғары көрсеткіштеріне жасалынады. Құрал-жабдықтарды Қазақстанда сатып алу жоспарланған. Бұл бизнес-идея 500 000 теңге көлеміндегі қаражат тартуды көздейді.

Инвестициялық жоспар:

Атауы Саны Құны, теңге Жалпы сомасы, теңге
Пісіру пеші 1 бірлік 150 000 110 000
Ұн тарту диірмені 1 бірлік 80 000 80 000
Күнін басатын аппарат 1 бірлік 15 000 15 000
Қалталарға арналған өтек 1  бірлік 12 000 10 000
Бидай 3 000 кг 50 150 000
Талқанға арналған қаптаушы материал 1 000 бірлік 30 30 000
Жентке арналған пластикалық ыдыстар 1 000 бірлік 30 30 000
Құрамдас тауарлар   20 000 20 000
Коммуналдық шығындар және ғаламтор   20 000 20 000
Шаруашылық шығындар   20 000 20 000
Дара кәсіпкердің жеке табыс салығы және міндетті зейнетақы аударымы   15 000 15 000
      500 000

Өндіріс жоспары және өткізілу көлемі

1) Талқанды өткізу. Жылына 2 000 кг * 500 теңге = жыл сайынғы кіріс  1 000 000 теңге

2) Жентті өткізу. Жылына  1 000 кг * 1 400 теңге = жыл сайынғы кіріс 1 400 0000 теңге Өнімді өткізуден түскен табыс жылына 2 400 000 тг.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *