Астанада ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр

Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы ауылда тұрады. Оның жартысы – әйелдер.

Олардың ауыл аймақтарды дамытуда рөлі зор. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту, жұмыссыздықты жою, шағын және орта кәсіпкерлік салаларын ілгерілетуде нәзік жандар қомақты үлес қоса алады. Астанада «Қазақстанның ауыл аймақтарын тұрақты дамытудағы әйелдердің үлесі» атты форум өтіп жатыр. Жиынға еліміздің әр түкпірінен 250-ге тарта делегат келді.

Олар мемлекеттік қызметте, әлеуметтік салада, орта және шағын кәсіпкерлікте еңбек етіп жүр. Мәселен, аудандық мәслихат депутаттарының 512-сі – әйел, бесеуі — аудан әкімі, 348-і – ауылдық округтер мен кент әкімдері. Сондай-ақ 40 мыңнан астам шаруа қожалығын әйелдер басқарып отыр.

Форумға қатысқан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, ауыл аймақты тұрақты дамытуда дәл осы осы нәзік жандардың үлесі зор. Сондықтан оларды ынталандыру жұмыстары түрлі бағытта жалғасатын болады.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауылдың алтын бесік екенін, ауылдың, елдің амандығын үнемі айтып отырады. Ауыл – халқымыздың бірлігі мен бірегейлігінің, тарихы мен мәдениетінің, ел дамуының қайнар көзі. Яғни ауылды өркендету мемлекетімізді дамытудың маңызды шарттарының бірі болып саналады.

Бүгінде 1 жарым мың әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша өз бизнесін ашса, 6 мыңнан астамы кәсіп ашудың қыр-сырын оқып-үйренді. Қазір олар ауылда тұрып-ақ табыс табуға болатынын жақсы біледі.

Шолпанай Тұрдышева, форум делегаты /Қарағанды облысы/ –

Ауылда отырған әйелдерге өнеге болсын деп, жылыжаймен айналысам деген әйелдерге қолұшын беріп, көмектесуге дайынмын. Жылыжай көп болса, өзімізде өсірілген сапалы қияр, қызанаққа жетпейді.

Форум барысында «Менің жетістіктерімнің тарихы» номинациясы бойынша өз өңіріндегі үздік 15 әйел табысты болудың сырымен бөлісті. Сондай-ақ әлеуметтік бизнес жобасының қорытындысы жарияланды. 10 жеңімпазға 4 мың АҚШ доллары табысталды.

Биназира Сұлтан, форум делегаты /Ақмола облысы/

– Мен 2015 жылдан бастап бірнеше жерден қыш мектебін ашқанмын. Ол Ақмола мен Қарағанды облыстарында. Онда біз қыш бұйымдарын жасап, оны үйретуді қолға алдық. Қазіргі таңда өндіріс бұйымдарын шығарудамыз. Ал осы қаржыны жаңа станоктар алуға жұмсаймыз.

Жергілікті өзін-өзі басқару арқылы ауылды тұрақты дамыту, жасыл технологияны енгізу. Жиында қозғалған мәселелер осындай. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өнідіретін кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жергілікті деңгейдегі сайлауға үміткерлер дайындау жайы да қозғалды. Осы категория бойынша: « «Күлтегін» мультфильмін дыбыстауға танымал отандық актерлер қатысқан Петропавлда алғаш рет ми ісігіне операция жасалды »

Источник: 24.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *