Абзал ана, аяулы әже, атақты мұғалім және қоғамдық қайраткері Ұлмекен Шанайқызы Жаналиева – Қызылорда облысының мақтанышы

 

Жаналиева Ұлмекен Шанайқызы 1950 жылы 18 қаңтарда Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1957 – 1967 жылдары кенттегі №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектебінде білім алды.

1970 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша білім алған.

                

Еңбек жолын 1967 жылы өзі бітірген мектепте аға пионервожатыйы болып бастады. 1970-1974 жылдары Қызылорда қаласында студент болып, 1974 жылы қайтадан өз мектебіне келіп ұстаздық қызметін жалғастырады. 1976 жылы С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектебінде бастауыш пәнінің мұғалімі болып, оқушаларға тәлімді тәрбие берді. 1979 жылы Тереңөзек кентіндегі №88 кәсіптік техникалық училищесінде қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып ауысып, 1987 жылы №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектебінің директоры болып жұмыс жасады. Мектепке басшылық еткен жылдары білім жүйесіне жаңашылдықтарды енгізіп, балалардың заманауи білім алуаны ұйытқы болды. Әр жыл сайын ұстаздардың біліктілігін арттыруға ықпал жасап, білім ошағының биіктерден көрінуіне атсалысты. Білім саласына 25 жылдай қызмет істеп, 1989-2008 жылдары Халық депутаттары поселкелік Советі атқару комитеті председателі, Тереңөзек кентінің әкімі, Сырдария аудандық білім бөлімінің басшысы, Сырдария аудандық мұрағаттың директорлығы қызметтерін атқарып, зейнеткерлікке шықты.

                      

Поселкелік, аудандық кеңестің депутаты болды.

Ұлмекен Шанайқызы ауданның қоғамдық өміріне белсене араласты. Егемендігіміздің 10 жылдығында, Президент сайлауында Президенттің «Алғыс хатымен», ҚР Білім Министрлігінің «Құрмет грамотасымен», облыс әкімінің, аудан әкімдерінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған.

2011 жылы ауданның «Құрметті Азаматы» атағын алды.

1993 жылы аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы болған ардақты жан аудандағы нәзік жандылардың мұң-мұқтажын шешу жолында аянбай тер төкті. Ақ жаулықты аналар атынан сөз сөйлеп, оларға әркез құрмет көрсетуді дәріптеді. Осы абыройлы міндетінің жалғасы ретінде 2006 жылы заңды тұлға ретінде тіркеліп, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып, бүгінгі күнде абыройлы жұмыс жасауда.

                                   

Қоғамдық бірлестік жұмысын ұйымдастыра жүріп Ұлмекен Жанәлиева қоғамдағы әлжуаз топтарға көмек көрсету, көп жасаған қарияларға, ардақты аналарға құрмет көрсету, жастарға үлгі-өнеге болу тұрғысында іс-шаралар өткізіп келеді. Атап айтқанда, аналардың жүріп өткен жолдарын және бала тәрбиесіндегі тәжірибелерін жас отбасыларына үлгі ету, насихаттау мақсатында «Ғасыр жасаған аналар» шарасын өткізіп, құрмет төріндегі ақ жаулықты әжелерді үй жағдайында құрметтеп, сый-сыяпат көрсетті. Оның жалғасында «Өмірлері өнеге» тақырыбымен түрлі салада еңбек  еткен,  ауданның  экономикасының дамуына  үлес қосқан  ардагер аналармен кездесу ұйымдастырып, оларды марапаттады. Бұл бір жағынан аяулы жандардың көп жылғы еңбек жолдарын үлгі ету болса, екінші жағынан қоғамдық өмірге белсене араластыру және белсенділіктерін арттыру болып табылады.

Оған қоса, ұлттық дәстүрлеріміз бен қолөнерімізді өмірлік етуге және кейінгі ұрпақтарға насихаттап жеткізуге Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына және ЭКСПО-17 көрмесіне орай  «Алтын қолды аналар» әжелер мектебіндегі әжелердің қатысуымен қолдан жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесі де тағылымы мол шара.

                   

Қазіргі кезде отбасы құндылығын насихаттау күн тәртібіндегі мәселе. Бірлестік төрайымы осы жағын да естен шығарған емес. Барлық тәрбиенің бастауы жанұя екенін назарға сала отырып, аудандағы мерейлі отбасылармен кездесулер өткізіп келеді. Отбасы бюджетін үнемдеу тұрғысында да ауқымды іс-шара өткізуде. Мәселен, отбасында кездесетін кейбір ситуациялардан шығу жолдарын үйрету, тәжірибелі отбасыларының тәжірибесімен бөлісу үшін жас отбасылармен кездесу өткізді. Оның барысында жанұяда жанжалды болдырмау, жас келіндердің өз міндеттерін мүлтіксіз атқаруына ықпал жасау секілді тәрбиелі жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, «Отбасылық бюджетті үнемдеу-басты назарда» тақырыбымен өткен дөңгелек үстелдің де жас жанұяларға берері мол.

                             

Ұлмекен Жанәлиева әркез тұрмысы төмен отбасыларға, олардың балаларына көмек көрсетуді, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды қолға алған. Бұл арқылы жан-жағына жақсылық нұрын шашу әркімге міндет екенін ұғындыруда. Атап айтар болсақ, «Армандар орындалады» атты іс-шара өткізіп, оған аудан кәсіпкерлерін тартып, жастардың арман-тілектерін орындады. Жас балғындардың қалауы болған дүниелерін алып беріп, оларға қуаныш сыйлады.

Бұдан бөлек, көптеген мәдени-спорттық шаралар, тәрбиесі мол кездесулер өткізіп, ауданның қоғамдық өміріне белсене атсалысып келеді.

Осындай жұмыстарды атқара жүріп құрметті жан түрлі марапаттарға ие болды. 2010 жылдың қорытындысымен ауданның «Үздік қоғамдық ұйым жетекшісі», 2011 жылдың қорытындысымен облыс әкімінің «Үздік азаматтық қоғам өкілі», 2012 жылы «Алтын қазына» номинацияларының иегері атанды. Сонымен қатар, биыл Сырдария ауданының 90 жылдығы мерейтойы аясында «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен марапатталды.

Облыстағы, аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың белсенді жұмыс жасауына қосқан үлесі үшін Республикалық Азаматтық Альянсының ІҮ, ҮІ форумдарына делегат болып қатысты.

Қазіргі таңда, мемлекеттік тапсырыс аясында «Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру» жобасы бойынша жемісті жұмыс атқаруда.

Қазір екі бала, бес немере тәрбиелеп отырған абзал ана, аяулы әже.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *