В поддержку спецпроекта «Ауыл — Ел бесігі»

Мен өзімнің тарапымнан Мәңгілік Елімнің көркейіуі үшін, бар күшімді салып еңбек етуге әрдайым дайынмын!

Біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға, көңілі сүйген кәсібімен айналысуға мемлекет тарапынан бар жақсы игі жағдайлар жасалынуда және менің өмірімде де бұл қағиданың айрықша маңызы бар.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген болатын. Әйел-ана – ұлтымыздың бойындағы бар жақсы қасиеттерді: тілін, дінін, әдет-ғұрыпын, салт-санасын, ұлтық дәстүрін немересіне, шөбересіне жеткізуші, дарытушы.

                      

Мен жалпы еңбегімнің 30 жылдығының азынан көбін қоғамдық жұмыстарға арнап келемін. Ауданда 14 жылдық өзіндік тарихы бар «Компания «Мар-Нур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшы директорымын, оған қоса «Нағыз патриоттар» қоғамдық бірлестік төрайымымын.

Өзім басшылық жасап отырған ЖШС-да жұмыссыздарды қысқа мерзім мамандық алу курстарына оқытамын, біліктілік алғаны туралы сертификат берілген тыңдаушыларды жұмыспен қамтимын. Олардын налогтарын өзіміздін компаниямыз төлейді.

Қазіргі таңда, штат кестесі бойынша 48 адамды жұмыспен қамтып отырмын, ал қосымша келісім шарт бойынша 101 адам жұмысты болып отыр, оған қоса жуырда жеке жұмыспен қамту агенттігін аштым, ол электрондық биржа арқылы тіркелініп, жұмыспен қамту туралы ережеге сай, біршама жұмыстар атқарып жатырмыз. Мемлекеттік органдардын қызметшілерін де оқытамыз.

                         

Сонымен қатар, мен Жамбыл облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Шу аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымымын. Іскер әйелдер кеңесінің қызметінің басым бағыттарының бірі кәсіпкерлік саласында жүрген қыз-келіншектерге көмек көрсету және өз кәсібін ашамын деуші аяулы жандарға бағыт-бағдар беру екендігін айта отырып, оларды қолдау орталықтары және құқығын қорғау, сондай-ақ басқа да бағдарламалары арқылы, біздердің тараптан жан-жақты қолдау көрсетіліп отырғандығын айтып өткім келеді. Ауданымызда Іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің саны уақыт өткен сайын толығуда. Осыған байланысты, кәсіпкерлікті

                         

дамыту жөніндегі аталған мәселелерді шешу жолында еңбек етудемін. Мемлекеттік нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында 2017 жылдан бастап, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы жүзеге асып, бұл бағдарлама бойынша жаппай оқыту, сұранысқа ие мамандықтарға және кәсіпкерлік негіздерін оқу, несие беру арқылы жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналастыруда көмектесу арқылы және еңбекке жұмылдыруды қолдау арқылы еңбек нарығын дамытуға өзіндік үлес қосудамын. Бірнеше адамдарға жер мәселесін шешіп, «Дамудан» микрокредитті алуға көмектестім. «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларын енгізу және бейімдеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізудеміз.

               

Бүгінгі күні, жеке кәсіпкер ретінде ауылда ауыл шаруашылығын өркендету қажет деп санаймын. Бұрынғы қадамдарды жүзеге асыру бойынша жасалған жұмыстарды ескере отырып, жергілікті жерлерде ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырамын. Ауыл халықын бизнестің негіздеріне, бизнес-жоспар жасауға үйретемін. Кәсіпкерлік пен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан біз үшін халыққа қажетті салаларды жетілдіруге барынша атсалысу негізгі міндет. Мысалы, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, микронесиелеу арқылы қаржыландыру немесе «ҚазАгро» ҰБХ арқылы жеңілдікпен қаржыландыру жұмыстары бойынша белсенді топтардың көмегімен насихаттау жұмысын жүргізу қажет және ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуды-қайта өңдеуді ұйымдастыруда ауыл болып жаңа мүмкіндіктердің бәрін пайдалану қажет.

                       

Талай-талай қайырымдылық акцияларын ұйымдастырудамын, әр түрлі мақсатты топ мүшелеріне, атап айтқанда, көп балалы аналарға, мүмкіншілігі шектеулі жандарға, отбасы жағдайы төмен және жалғыз басты қарттарға, дарынды жастарға, спортшыларға, ауған соғысының ардагерлерге және т.б. көптеген демеушіліктер жасауда.  Өзіме мақсат қойдым — ай сайын көпбалалы отбасынын балаларың киіндіру.

Қазақстанның ауылдық әйелдер Форумынан кейін, «жасыл» технологиялар Орталығын ашу туралы идея туды. Осы жоспарымды іске асырамын деп үміттенемін.

Мен өзімнің тарапымнан Мәңгілік Елімнің көркейіуі үшін, бар күшімді салып еңбек етуге әрдайым дайынмын!

Ғалия Абитаева — «Компания «Мар-Нур» ЖШС құрылтайшы директоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *