Ғалия Әбітаева: Әйел — тірліктің қайнар бұлағы.

Мен, Ғалия Әділқызы Әбітаева, Жамбыл облысы, Шу ауданының тумасымын, кәсіпкермін, одан қала берсе қоғамдық белсенді ретінде аймағымыздың өсіп, өніп өркендеуіне өз үлесімді қосып жүрген ауыл әйелімін. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы, біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол өмірдегі, мемлекеттің саяси мәселелеріне, бизнеске, қала берсе, барлық саладағы негізгі кейіпкер және осы істерге белсене араласатын қоғам мүшесі.  Сондықтан, біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға, көңілі сүйген кәсібімен айналысуға мемлекет тарапынан бар жақсы игі жағдайлар жасалынуда және менің өмірімде де бұл қағиданың айрықша маңызы бар.  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген болатын. Әйел-ана – ұлтымыздың бойындағы бар жақсы қасиеттерді: тілін, ділін, әдет-ғұрыпын, салт-санасын, ұлтық дәстүрін немересіне, шөбересіне жеткізуші, дарытушы. Ұлан байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт дәстүрінің біркелкі болып келуі – бұрын өткен дана аналарымыздың арқасы.

                                

Ауданда 14 жылдық өзіндік тарихы бар «Компания «Мар-Нур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшы директорымын, оған қоса «Нағыз патриоттар» қоғамдық бірлестік төрайымымын.   Өзім башылық жасап отырған ЖШС-да жұмыссыздарды қысқа мерзім мамандық алу курстарына оқытамын,біліктілік алғаны туралы сертификат берілген тыңдаушыларды жұмыспен қамтимын.   Қазіргі таңда, штат кестесі бойынша 48 адамды жұмыспен қамтып отырмын, ал қосымша келісім шарт бойынша 101 адам жұмысты болып отыр.,оған қоса жуырда жеке жұмыспен қамту агенттігін аштым,ол электрондық биржа арқылы тіркелініп,жұмыспен қамту туралы ережеге сай, біршама жұмыстар атқарып жатырмыз. Сонымен қатар, мен Жамбыл облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Шу аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымымын.

                                                                         

Іскер әйелдер кеңесінің қызметінің басым бағыттарының бірі кәсіпкерлік саласында жүрген қыз-келіншектерге көмек көрсету және өз кәсібін ашамын деуші аяулы жандарға бағыт-бағдар беру екендігін айта отырып,оларды қолдау орталықтары және құқығын қорғау,сондай-ақ басқа да бағдарламалары арқылы,біздердің тараптан жан-жақты қолдау көрсетіліп отырғандығын айтып өткім келеді.  Ауданымызда Іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің саны уақыт өткен сайын толығуда.  Осыған байланысты, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі аталған мәселелерді шешу жолында еңбек етудемін.Мемлекеттік  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында 2017 жылдан бастап,  нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы жүзеге асып , бұл бағдарлама бойынша жаппай оқыту, сұранысқа ие мамандықтарға және кәсіпкерлік негіздерін оқу, несие беру арқылы жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналастыруда көмектесу арқылы және еңбекке жұмылдыруды қолдау арқылы еңбек нарығын дамытуға өзіндік үлес қосудамын..  «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларын енгізу және бейімдеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізудеміз.  Бүгінгі күні, жеке кәсіпкер ретінде ауылда ауыл шаруашылығын өркендету қажет деп санаймын.Бұрынғы қадамдарды жүзеге асыру бойынша жасалған жұмыстарды ескере отырып, жергілікті жерлерде ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырамын.

                                               

Ауыл халықын бизнестің негіздеріне, бизнес-жоспар жасауға үйретемін.  Кәсіпкерлік пен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан біз үшін халыққа қажетті салаларды жетілдіруге барынша атсалысу негізгі міндет. Мысалы, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, микронесиелеу арқылы қаржыландыру немесе «ҚазАгро» ҰБХ арқылы жеңілдікпен қаржыландыру жұмыстары бойынша  белсенді топтардың көмегімен насихаттау жұмысын жүргізу қажет және ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуды-қайта өңдеуді ұйымдастыруда ауыл болып жаңа мүмкіндіктердің бәрін пайдалану қажет. Мен өзімнің тарапымнан Мәңгілік Елімнің көркейіуі үшін,бар күшімді салып еңбек етуге әрдайым дайынмын!

Назарларыңызға рахмет!

 Ғалия Абитаева. «Компания «Мар-Нур» ЖШС құрылтайшы директоры.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *