Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру туралы қысқаша ақпарат

#ЦУР2030Казахстан #cisc2020 #qogamgov

#ПроектЦПГИ

#ОбщественныйИнститутЦУР2030Казахстан

#Expo&Women

2015 жылдың қыркүйек айында БҰҰ-дің 70-ші Бас Асссамблеясы шеңберінде БҰҰ саммитінде 2015 жылдан кейінгі даму саласындағы күн тәртібін қабылдау бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев өзге БҰҰ мүше-мемлекеттердің басшыларымен бірге, Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бағдарлары Қазақстанның басымдықтары  мен міндеттеріне толық сәйкес келетініне ерекше көңіл бөліп, бұдан  былайғы жаһандық дамуға арналған жаңа құжатқа қол қойды.

ТДМ азаматтардың өмір сапасын арттыруға, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық  дамуына  және экологиялық тұрақтылығына бағытталған 2030 жылға дейінгі мақсаттар мен индикаторлардың кешенді әмбебап жинағы  болып табылады.

ТДМ  2030 жылға дейін жетуге тиіс  17 мақсаттан, сондай-ақ, оларға байланысты 169 міндеттерден және 242 индикатордан тұрады.

ТДМ үш компонентті біріктіру арқылы тұрақты дамуға жетуіне  жәрдемдесуге тиіс: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Тұрақты дамудың үш компонентері арасындағы тығыз өзара байланыстың болуы климаттық өзгерістердің маңызды салдарлары және шектелген табиғи ресурстарды сақтау және «жасыл» экономикаға  ауысу қажеттілігі айқын болған қазіргі жағдайда ерекше өзектілікке ие болады

 «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу және БҰҰ көмегімен  көрме базасында «Келешек энергиясы» Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығын құру ТДМ іске асыру жөніндегі халықаралық күш салуына заттай қосқан үлес болып табылады.

Қазақстан үшін ТДМ әдіснамасын және индикаторларын енгізу, Қазақстанның бағдарламалық құжаттарын, ең алдымен, «Стратегии-2050»  және одан шығатын бағдарламалардың жаһандық даму мақсаттарына үйлесімдігін ескере отырып, ҚР стратегиялық жоспарлау және мониторингілеу жүйесін әлемдік стандарттарға жүйелік бейімдеуге  мүмкіндік береді.

Жалпы, ТДМ немесе 2030 жылға дейінгі күн тәртібі көптеген аспектілерде Қазақстанның даму саласындағы   салып жатқан күштерімен үйлеседі және оларға жету, сондай-ақ ТДМ жетудегі ілгерілікті мониторингілеу және бағалау  үшін пайдалы және сенімді саяси негізі бола  алады.

2016 жылдың қараша айында өткен Қазақстанның ТДМ іске асыруға және мониторингілеуге жылдам кешенді бағалау мақсатындағы БҰҰДБ халықаралық сарапшыларының міндеті  ТДМ нысаналы көрсеткіштерін ұлттық және салалық жоспарларға енгізудің жеткілікті жоғары дәрежесін көрсетті    — ТДМ міндеттерінің 61% ұлттық стратегиялық құжаттармен қамтылған.

  2016 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттары тұрақты даму қағидаттарын іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында оларды қолдануды ілгері жылжыту және ТДМ қолданыстағы заңнамаға ықпалдастыруға жәрдемдесу қажеттілігі белгіленген Өтінішті қабылдады.

ҚР Үкіметі қазіргі уақытта ТДМ ұлттық деңгейде тиімді іске асыруды, ҚР бағдарламалық құжаттары мен ТДМ ымырасын, жекеменшік сектордың, МЕБ және академиялық топтардың  қосылуын  қамтамасыз ету үшін үйлестіруші құрылымды белгілеу туралы мәселе қарастырылуда

ТДМ іске асырумен қатар оларға жетуді мониторингілеу жаһандық та, ұлттық та деңгейде маңызды міндет болып табылады.   Елдер кейінгі қызметті және мақсаттарды іске асырудағы ілгерілікті шолуды жүргізу үшін негізгі жауапкершілікті артады және, №17 тұрақты даму мақсатында белгіленгендей, бұл үшін сапалы, қолжетімді және өзекті деректерді жинауды қамтамасыз ету қажет.

Қазақстан мүше-мемлекеттерден, соның ішінде бақылаушылар ретінде БҰҰ өңірлік және халықаралық  мекемелерінен тұратын 2030 жылға дейін тұрақты даму мүддесіндегі Күн тәртібі (ГВУ) үшін әріптестік, статистикалық деректерді қамтамасыз етуді үйлестіру және әлеуетін құруға арналған жоғары деңгейдегі топ құрамына кіреді

Қыркүйек айында барлық мемлекеттік органдар өкілдерінің, ҒӨБ, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, түрлі кәсіподақтар мен бірлестіктердің, ұлттық компаниялардың, БҰҰ агенттіктерінің және түрлі салалардағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен  ТДМ статистикасы мәселелері бойынша Вбірінші ұлттық техникалық мәжіліс өтті.

Мәжілістің негізгі мақсаты ұлттық статистикалық жүйесінің ТДМ мониторингілеу үшін жаһандық индикаторларды өндіруге дайындығын бақалау, сондай-ақ Қазақстан үшін өзекті болатын қосымша ұлттық индикаторларды белгілеу болып табылды.

Арнайы құрылған ТДМ мониторингілеу үшін көрсеткіштерді енгізу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық Жұмыс тобы Қазақстанның басымдықтарын ескере отырып, жаһандық та, ұлттық та индикаторларды қамтитын көрсеткіштер жүйесін әзірлеумен айналысады.

Тұтас алғанда, Қазақстанда ТДМ жүйелік іске асыру, сөзсіз,  мультипликативтік әсер береді, атап айтқанда:

— ТДМ іске асыру арқылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) индикаторларына жету жолымен әлемнің  30 ең бәсекеге  қабілетті елдері қатарына кіру  үдерісіне жәрдемдесу.

— адами әлеуетті арттыру, шетел технологиялар мен тәжірибені тарту, үлкен деректер ауқымын (Big Data) өңдеу саласында біліктілікті арттыру сияқты үдерістерге қосымша шабыт беру.

— ТДМ іске асыру олар үшін әлеуметтік жауапты бизнес моделі және оның ТДМ сәйкестігі беделінің маңызды құраушысы болып табылатын ірі халықаралық корпорациялар үшін инвестициялық тартымдылық факторларының бірі болады .

2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттары:

1-мақсат. Барлық жерде барлық түрлердегі кедейлікті кедейлікті жою.

2-мақсат. Ашаршылықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту  және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу.

3-мақсат. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлығына кез келген жаста сау болуына ықпал ету.

4-мақсат. Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету

5-мақсат. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

6-мақсат. Барлығы үшін су ресурстарының болуын және оларды тиімді пайдалану мен санитарияны қамтамасыз ету.

7-мақсат. Барлығы үшін қымбат емес, сенімді, берік және заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

8-мақсат. Ілгерілемелі, барлығын қамтитын және тұрақты экономикалық өсімге, баршаның толық және  өнміді жұмыспен қамтылуына және лайықты жұмысына жәрдемдесу.

9-мақсат. Тұрақты инфрақұрылымды жасау, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу.

10-мақсат. Елдер ішіндегі және олар арасындағы теңсіздікті қысқарту

11-мақсат. Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

12-мақсат. Тұтыну мен өндірудің оңтайлы модельдеріне көшуді қамтамасыз ету

13-мақсат. Климаттың өзгеруіне және оны салдарларына қарсы күрес бойынша жедел шараларды қолдану

14-мақсат. Мухиттерді, теңіздерді және теңіз ресурстарын тұрақты даму мүдделерінде сақтау және ұтымды пайдалану.

15-мақсат. Құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды оңтайлы пайдалануға жәрдемдесу, орманды оңтайлы пайдалану, шөлге айналуға қарсы күрес, жердің тозуы үдерісін тоқтату және кері бұру және биологиялық алуан түрліліктен айырылу үдерісін тоқтату

16-мақсат. Тұрақты даму мақсатында бейбітшіл және ашық қоғамды құруға жәрдемдесу, барлығына арналған сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және бұқараның қатысуына негізделген мекемелерді құру.

17-мақсат. Тұрақты даму мақсатындағы Жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру.

https://egov.kz/cms/kk/articles/development_goals

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *