ТДМ 8 «Лайықты және экономикалық өсу» көшбасшысы мәртебесіне кандидат

#ЦУР2030Казахстан

#cisc2020

#qogamgov

#ПроектЦПГИ

#ОбщественныйИнститутЦУР2030Казахстан

#Expo&Women

Құрметті достар! Бұгінгі ТДМ — 2030 көшбасшысы мәртебесінің кандидаты — Жакипова Акбаян Толбасиевна, «Мақтаарал жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы.   Акбаян Толбасиевна ТДМ 8 «Лайықты және экономикалық өсу» тәқіріпті таңдады.

Мектебін де, гуманитарлық колледжін де ұздік бітіріп, бастауыш сыныптарда мұғалім болып еңбек етті. Жастайынан табиғаты шығармашылыққа жақын Ақбаян орыс тілінде де, қазақ тілінде де өлеңдер, прозалық шығармалар жазып жүреді. Солардың жинағы шығатын күн де алыс емес деп, жоспарлап отыр. 2008 жылдан бастап шығармашылық ізденісте болып, түрлі атақты бизнес тренерлерлен, әйелдерге арналған түрлі тақырыптық тренингтерге қатысып, Психология мамандығы бойынша жоғары білім алып, психолгияның әр түрлі бағыттарынан  сертификаттарын иеленді. 2009 — 2019 жылдар арасында, Мақтаарал  ауданында «Мақтаарал жастары» атты қоғамдық бірлестіктің төрайымы болып қызмет атқарды. 2015 жылдан бастап әйелдерге арналған түрлі тренингтердің модульдерін жасап, 2016 жылдан бастап, кіші  аудиторияларға  тренингтер жасап бастайды. «Бақытты әйел сыры», «Бақытты, табысты, шаттықты әйел», «Өзіңді өзгерт», т.б тренингтерінің авторы. Түркістан облысының барлық қалаларында тренинг семинарлар өтіп, білімін шындап келе жатыр. Сонымен қатар сақтандыру саласында да жемісті жұмысты он жылдан бері үздіксіз істеп келе жатыр. 2019 жылдың 26 сәуірінде Мақтаарал аудандық Іскер Әйелдер Кеңесінің төрайымы болып тағайындалып, ауданның кәсіпкер әйелдерімен тығыз байланыста түрлі іс шаралар, тақырыптық бизнес тренингтер мен семинарлар өткізіп жатыр.

         

Бұгінгі күнде де «Ауыл өнімі» жобасының үйлестірушісі Ақбаян Жақыпова Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай кезінде ауылдың белсенді әйелдерімен бірге тұрмысы тұралаған тұрғындарға көмек көрсету шараларын ұйымдастырған еді. «Ауыл өнімі» әлеуметтік жобаның атынан ғана емес, осы игілігі мол іске қатысуға ниет білдірген қайрымды жандардан қаражат жинауды да ұсынды! Бұл қаржыға Ақбаян қайырымдылық түскі асын ұйымдастырып, азық-түлік себеті мен гигиена заттарын мұқтаж жандарға үлестірді. Сондай-ақ күнделікті қажеттіліктермен және киім-кешекпен қамтамасыз етуді де ұмытпады.

                    

Ақбаян Жақыпованы «100 асқар шыңдарға ту тіккен Қазақстан ауыл әйелдері / 100 историй успеха сельских женщин Казахстана» кітап беттерінен көруге болады. Оның ішіндегі жетістікке жетер жолында осылай деп жазған болатын: «…Бүгіңгі таңда жан жақты дамуымды тоқтатпай, өсіп жатқан тренермын, жеке кәсіпкермін, бес баланың анасымын, қоғамның белсенді мүшесімін, заманауи, өркениетті Қазақстанымның белсенді позициясы бар азаматшасымын».

ТДМ 8 «Лайықты және экономикалық өсу» туралы толырақ сайтта https://www.un.org/sustainabledevelopment/ru/poverty/ көруге болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *